Шерзатқа пышақ салған Шынасыл екені толықтай дәлелдермен көрсетілді – прокурор Дана Сарсембай

Nur-Altay Umirzak

Сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты оның оң қолы сынғанын айтқан

Коллаж: Шерзат Болат/ Прокурор Дана Сәрсембай

Шерзат Болат өліміне қатысты бүгінгі сотта мемлекеттік айыптаушылар және екі тараптың қорғаушылары мен сотталушылар арасында жарыссөз басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінгі сот барысында Тоқтаубаевтардың адвокаты олардың бұрынғы жауабын дәлел ретінде танымауды сұрады. Себебі тергеу барысында сотталушыға қысым көрсетілгенін айтқан. Ал бұл көрсетпелерге прокурор: “бұған дейін айтылмай тек сот кезінде айтылып отыр” деп қарсы болған. 

Сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты оның оң қолы сынғанын айтты.

Прокурор Дана Сәрсембай жарыссөзде Абзал Шынасылдан жеті рет жауап алынғанын, ол күдікті ретінде берген жауабын есіне салды. “Ол Шерзатқа пышақ сұғып алдым” деген сөзін есіне салды. Сот барысында қорғануға құқығы бар Жақсыкелдінің және сотталушылардың бірінің Абзалдың төбелестен кейін пышағын жуғанын айтқанын жеткізді.