Мемлекеттік айыпталушы Абзал Шынасылды 23 жылға соттауды сұрады.
Бүгінгі сот жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды ұзақ жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекеттік айыпталушы Абзал Шынасылды 23 жылға соттауды сұрады.
Абзал Шынасыл бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақты қолдану арқылы, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттерін жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде (бұзақылық) көрсетілген қылмысты жасаған.Сонымен қатар адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, аса қатыгездікпен бұзақылық ниетпен көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. Сонымен қатар адам өлтіруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу, екі немесе одан да көп адамды бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып жасаған. Яғни, қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған, - деді прокурор.
Ол сонымен қатар өздеріне тағылған айыптар бойынша Нұрқияс Ілиясовты 9 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға (өтелмеген жазасын қосқанда), Равиль Сәкиевті 20 жылға соттауды сұрады. Ал Думан Ысқақты (кәмелетке толмаған) 434-бабы бойынша 1,5 жылға соттауды, Дархан Әскентайды, Шыңғыс Белғожаевты, Нұрбол Тоқтаубаевты, Дидар Қалиахметті 293-баптың 7 бөлігімен кінәлі деп танып, оларды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.