Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр

Qaz365.kz редакциясы

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  

скрин видео

Шерзат Болат ісіндегі жарыссөзде сотталушылардың адвокаттары жәбірленшуі тарапға қатысты шағымдарын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мысалы, сотталушы Нұрқияс Ілиясовтің адвокаты Нұрлан Қилыбаев тергеу кезіндегі қысым сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының объективтілігіне үлкен күмән туғызады деп санайды.

Не себепті Қаржаубайдың пышақ алып шыққан, Ғайыпбаевтың мылтық алып шыққаны ескерілмейді. Шерзат Полат сонымен бірге төбелеске достарын әкелген. Мұның бәрі тергеуде «қолдау үшін» деп жазылған.Демек олар жақтан «қолдау» үшін келеді де, ал айыпталушылар «өлтіру, пышақ салу үшін» келеді. Бұл дұрыс емес, - дейді ол.

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  

Бейнежазбадан Қаржаубай Нұрымовтың дүкеннен пышақты үш рет алып шыққанын ескеріп, Шерзат Болатты, Нұрқанат Ғайыпбаев пен Қаржаубай Нұрымовты Қылмыстық кодекстің 293 бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құрамының болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын.  Шығарылған қаулыны Алматы облыстық прокуратурасына процессуалдық шешім шығару үшін жолдауыңызды сұраймын, – дейді адвокат.

Абзал Шынасылдың адвокаты Әбенов сыраның ақшасының төленбегені тек сылтау екенін айтты.

Қылмыс ең бірінші сырадан басталды. Оның ақшасы төленді ме, жоқ па, бізге аса маңызды емес. Ол тек сылтау деп есептейміз. Төбелестің басталуына жас баланың тәрбиесінің дұрыс жүргізбегені, ол баланы әкесі саудаға араластырғаны да дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ әрбір отбасының өзінің қолында. Дегенмен соған байланысты болды ма деп қорқамын. Еті қызу, албырт жас жігіттің Дархан Әскентайға қол жұмсаған дене жарақатын келтіріп, қанын ағызған, - дейді Әбенов.