Астанадағы автобус апаты: бір қыз екі аяғынан айырылды

Nur-Altay Umirzak

Оқиғадан кейін үш адам ауруханаға аса ауыр жағдайда түскен

Сурет: Бейнеден кадр

Кеше кешкісін Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанға соғылып, 15 адам зардап шеккен болатын. Қазір зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Оқиғадан кейін зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілген. Біреуіне шұғыл ота жасалған.

“Үш адам ауруханаға түсті, жағдайлары – ауыр және өте ауыр. Бір қыздың аяғын ампутациялауға тура келді.Дәрігерлер барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр”, – делінген аурухана қызметкерлерінің хабарламасында.

Полиция басқармасының хабарлауынша, алдын-ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Оқиғаға қатысты қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.