Астанадағы автобус апаты: Аяғынан айрылған қызға 20 млн теңге берілетін болды

Nur-Altay Umirzak

Апат салдарынан алты бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілген

Сурет: Бейнеден кадр

Астанадағы автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың отбасына 20 миллион теңге берілетін болды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

“Зардап шеккен 15 адам  "Евразия" СК-да тасымалдаушысынан төлем алады. Оларға амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге жұмсалатын шығын үшін кемінде 200 АЕК яғни 786 мың теңге беріледі. Қазір 15 адамның үшеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Алты бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал 8 жасар қыздың аяғына ампутация жасалды. Ол қызға I топ – 5 000 АЕК немесе 19,6 миллион теңге беріледі”, – делінген мекеме хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше кешке 2-маусым күні кешке Астанада жолаушылар автобусы "Самал" ықшамауданының маңында бағанаға соғылған еді. Алдын-ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.