Ауруханадан қашып кеткен: Алматыда психиатриялық ауытқуы бар науқастарға іздеу жарияланды

Nur-Altay Umirzak

Олардың екеуі психиатриялық ауруханадан, ал үшіншісі полиция басқармасынан қашып кеткен

Скриншот: инстаграм/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда апсихиатриялық ауруханадан қашып кеткен емделуші науқастарына іздеу жарияланды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты volontery_almaty_lider.kz инстаграм парақшасы жариялаған.

Белгілі болғандай іздеу жарияланған  екі науқас психиатриялық ауруханадан, ал үшіншісі полиция басқармасынан қашып кеткен. 

  • Денис Антипин – бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қара қоңыр, көзі қоңыр түсті, сол көзінің жанында қал бар. Үстінде ақ футболка, қара шорты болған.
  • Павел Лавров – бойы 157 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр, білегінде тыртығы бар. Киімі: қара футболка, қара шорты.
  • Елисей Балакин – бойы 176 см, дене бітімі арық, шашы қысқа, қара қоңыр, көзі қоңыр. Үстінде ақ жазуы бар қара футболка, қара трико және қара спорттық аяқкиім.

Іздеу шаралары

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Осы адамдарды көрген немесе олар туралы қандай да бір ақпараты бар тұрғындардан 102 нөміріне хабарласып немесе ең жақын полиция бөлімшесіне жүгіну сұралады.

Маңызды

Іздеуде жүргендердің психиатриялық есепте тұрғанын ескере отырып, оларды көрген жағдайда сақтық танытып, байланысқа түспеу ұсынылады — дереу құқық қорғау органдарына хабарлаған жөн.