Шымкентте әйел Яндекс таксидің терезесін таспен сындырып, жүргізушісін тырнап тастады

Qaz365.kz редакциясы

Шымкентте әйел такси жүргізушісінің көлігінің терезесін кірпішпен сындырған. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 3 маусым күні болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода әйел адамның такси жүргізушісімен жанжалдасып, көліктің артқы және жанындағы терезелерін таспен ұрғаны көрінеді.

Полиция бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) бойынша іс қозғады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.