Автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қызға қатысты тың мәлімет шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ол есін жиған. 

Pixabay.com

Астанада автобус қатыстың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алған 8 жасар қыз есін жиды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлады.

Алайда қыз бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Егер бүгін жағдайы жақсара түссе, оны бейінді бөлімшеге ауыстыру жоспарланып отыр. Қасында анасы болады. Сонымен қатар қыз баланың өзімен және оның анасымен жұмыс істеу үшін психологтар да тартылып жатыр, – деп нақтылады дәрігерлер.