Желі қолданушылары бұлай тәуекелге барудың қажеті жоқ еді деп жатыр.
Қазнетте Алматы тұрғынының ерлігі туралы видео кеңінен тарады. Ол тұрғын үй кешенінің төртінші қабатына өрмелеп шығып, өрт сөндірушілер келгенше жалынды сөндіріп үлгерген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Куәгерлер түсірген видеоны Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі жариялады.
ТЖМ мәліметінше, 2025 жылғы 4 маусым күні кешке төртінші қабаттағы пәтердің балконында қоқыс өртенген.
Өрттің жалпы аумағы шамамен 1 м² болды, – деп нақтылады мамандар.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше, жалынды көшеден өтіп бара жатқан сөндіріп үлгерген.
1992 жылы туған азамат Ахметов А.Т. батылдық танытып, балконға көтеріліп, жанып жатқан қоқысты жерге лақтырып жіберді. Оның батыл әрекетінің арқасында өрттің таралуына және ауыр зардаптарға жол берілмеді, – делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі таңданысын және ризашылығын білдірсе, енді бірі өміріне қауіп төндіргеніне алаңдаушылық танытты:
«Керемет!», «Тұрғындар балконда шылым шегіп, темекі тұқылын лақтырып жібере салады», «Жарайсың», «Нағыз батыр, бірақ құлап кетуі мүмкін ғой», «Мықты жігіт», «Бұлай тәуекел етуге болмайды. Құлап кетсе, мүгедек болып қалуы мүмкін еді», «Өз өміріңіз бен денсаулығыңызды қатерге тікпеңіз. Сіздерді күтіп отырған отбасыңыз бар», «Балкон өртеніп кетсе де, бұл сіздің өміріңізге татымайды», - деп жазды көпшілік.