Бұл үкім қоғамда кең резонанс тудырған істің соңғы нүктесі болды
2025 жылғы 5 маусымда елді дүр сілкіндірген сот істерінің бірі — 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Талғар қаласында болған бұл ауыр қылмыстық оқиға бойынша сот келесідей үкім шығарды:
Абзал Шынасыл — ең қатаң жазаға тартылды. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) және 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев те осы баптар бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға сотталды.
Азамат Тоқтаубаев — бұзақылық пен ықтимал ұрлық үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шыңғыс Белғожаев — 293-баптың 3-бөлігі бойынша 7 жылға сотталды.
Нұрқияс Ілиясов — 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл үкім қоғамда кең резонанс тудырған істің соңғы нүктесі болды.