Оның айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған
Шерзаттың отбасы прокурорлар сұраған жаза мерзімдерімен келіспейді. Тіпті сотталушылар тарапынан қоқан-лоқы көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Перизат Нұрымованың айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған.
«Біздің отбасы риза емес. Прокурор сұраған жаза мерзімдері бізді қанағаттандырмайды. Біздің адвокаттар істің "топ болып кісі өлтіру" бабы бойынша қаралуын талап етті. Олар бірге, бір топ болып келді, ал сот неге оларды жеке-жеке қарап, әртүрлі мерзім тағайындап жатыр. Жаза топтық сипатта болуы тиіс», – деді ол.
Сондай-ақ Перизат Нұрымова сотталушылар ым-ишарамен қоқан-лоқы көрсеткенін де айтты.
“Бұл бап та болмауы, сотқа да жетпеуі мүмкін еді. Қазір сот біткен күннің өзінде де бұл балалардың ешқандай өкініші жоқ. Бізге атылып, ата-аналары да атылып, “біз шықпайды деп ойлайсыздар ма?” деген қоқан-лоқылары әлі жасалып жатыр. Бізге қолдарымен, ишарамен көрсетілген қоқан-лоқылары бар. Сот кезінде де ол болды, – деді ол.