Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан
Бүгінгі Шерзат Болат ісіне қатысты сот үкімі шыққанын естіген соң Дидар Қалиахметтің анасын жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айта кетейік, Дидар Қалиахмет қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сот үкімі шыққаннан кейін сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып, наразылық танытқан.
Олардың айтуынша, тергеу процесі тиісті деңгейде жүргізілмеген және бұл жайт үкімнің әділдігіне күмән келтіреді.
Сонымен қатар, кейбір туыстар Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубайға қарсы заңды түрде шағым түсіретіндерін мәлімдеді.