Қылмыстық іс қозғалды
Құлсарыда 7 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полицияның хабарлауынша, 36 жасар күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Кеше шамамен сағат 12:00-де қыз үйінен шығып, қайта оралмаған. Сағат 21:28-де ата-анасы полицияға жүгінген. Түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәйіті Құрсай өзенінен табылды. Қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мұндай ауыр қылмыс үшін ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.
Істің тергелуі облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.
Видео: halyqstan
#ad @sputnik_aitady