Екі аяғынан айрылған қыздың отбасына үй береміз – Жеңіс Қасымбек

Qaz365.kz редакциясы
Коллаж: қыз бен анасы/Жеңіс Қасымбек

Елордада автобустың жол апатына түсуі салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына әкімдік тарапынан баспана беріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол қыздың анасына, қызына менің әріптестерім, соның ішінде менің орынбасарым бірнеше рет барды. Кеше де балалар омбудсмені болды. Бүгін де менің орынбасарым сол кісілермен бірге барады. Көмек жағынан: сақтандыру көлемі 20 миллионның маңайында және әкімшілік қосымша 10 миллион теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, баспана мәселесін шешіп береміз. Оны ресми түрде айтамын,- дейді Жеңіс Қасымбек. 

Айта кетейік, 2 маусымда Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде зардап шеккен қыз баланың аяғына ампутация жасалды.