Түркістан облысында бірінші курста оқитын студент қызды өлтіріп кетті

Qaz365.kz редакциясы
Фото: pexel.kz

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qaz365.kz.тілшісінің сауалына жауап берген облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,  қыздың мәйіті 6 маусым күні сағат 07:05-те табылған. Марқұм колледждің бірінші курс студенті.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.