«Талғардың имиджін құртты, Қаржаубайды жазалау керек». Сотталғандардың туыстары президентке үндеу жолдады

Qaz365.kz редакциясы

Ол полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған арандату, жалған ақпарат тарату және тәртіпсіздікке шақыру әрекеттерінің куәсі болдық деп отыр.

Фото: скриншот из видео

Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сотталғандардың туыстары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бауыржан Әбдірахманов есімді азамат видеода үндеуді сотталғандардың ата-анасы, туыстары және Талғар ауданының бұл жағдайдан хабардар азаматтары атынан деп жолдады. Ол тергеу жұмыстарының толық жүргізілмегеніне және шығарылған үкімдердің әділеттілігіне күмән келтіріледі. Видео Egov.Press телеграм арнасында жарияланды.

Іс бойынша айып тағылғандар сотталды, бірақ біз бәрі дәлелденбеді және барлығы жазаланбады деп санаймыз. Шерзат Болаттың қазасынан кейін жәбірленуші тараптың өз мақсатына жету үшін жоспарланған және жақсы ұйымдастырылған іс-әрекетке барғаны байқалады. Олар әртүрлі құралды, соның ішінде әлеуметтік желіні, тыйым салынған психологиялық тәсілдерді, ашық арандатушылықты пайдаланды, - дейді Бауыржан Әбдірахманов.

Ол полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған арандату, жалған ақпарат тарату және тәртіпсіздікке шақыру әрекеттерінің куәсі болдық деп отыр.

Сонымен қатар, үндеуде марқұм Шерзат Болаттың әкесі — Қаржаубай Нұрымов пен оның туыстарының қатысуымен болған бірқатар оқиғалар туралы айтылып, олардың заңға қайшы әрекеттерге барғаны және агрессия көрсеткені туралы мәлімделген. Үндеу жасаушылар Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен олардың әлеуметтік желідегі белсенділігін, сондай-ақ жабық топтар құруын назарға алуды сұрайды.

Елімізде заң әсер етпейтін немесе заңнан жоғары тұратын топтар бар ма? Бұл адамдарды мұндай әдістерді қолдануға кім үйретті? Олар атыс қаруын қайдан алған? Бұл әрекеттерді кім басқарып отыр? Олар не үшін әлеуметтік желілерде жабық топтар ашты? Олардың түпкі мақсаты қандай? Бұл әрекеттерді кім қаржыландырып отыр? Біз мұндай әрекеттер қоғам тыныштығын бұзып, Талғар қаласының имиджіне зиян келтіреді және азаматтардың билік институттарына деген сенімін әлсіретеді деп санаймыз, – делінген үндеуде.

Осы уақытта бұл қылмыстық іс әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көптеген пікір қалдырушылар марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қолдау білдіріп, сотталғандарға жаза қатаңдатылсын деген талап қойып отыр. Кейбір қолданушылар істі «топпен адам өлтіру» деп қайта саралауды талап етіп, шығарылған үкімді әділ емес деп санайды.

Айта кетейік, 5 маусымда осы іске қатысы бар делінген 9 адамға сот үкімі шықты. Негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл — 23 жылға, ал Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған жеті адам бұзақылық үшін 1,5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды.