62 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресіп келген
Ақмола облысында көпбалалы ана пойыз астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ақпаратты Ақмола облыстық полиция департаменті растады.
Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні Аршалы ауданына қарасты Анар станциясында болған.
“Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі — «Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр, басқа деректер жарияланбайды”, – делінген полиция ақпаратында.
Әлеуметтік желіде тараған бейресми ақпаратқа қарағанда, 62 жастағы әйел өз-өзіне қол салған.
“Туыстарына «Іздемеңдер, кетіп қалдым» деп хат жазып қалдырған. Ауылдастар оның мұндай қадамға баруын денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқан ауыр дертпен байланыстырып отыр. Жағдайы жақсы, отбасы түгел еді. Бірақ қатты науқас болды, амал таппаған сияқты, — дейді марқұмның жақын танысы.
Қазіргі уақытта оқиға орын алған аумақта пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, станция қоршауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда.