Астанада тағы да автобус апатқа ұшырады

Nur-Altay Umirzak

Апат салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алған

Сурет: Бейнеден кадр

Астанада маршруттық автобус пен Toyota жеңіл көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті мәлімдеді.

“Апат салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген полиция ақпаратында.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota жүргізушісі Республика даңғылында оңға бұрылған кезде Iveco автобусына жол бермей, соқтығысқан.