Түркістан облысында жеткіншек 2-сынып оқушысын өзенге апарып зорлаған. ПД жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Біздің сауалымызға Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі жауап қайырды.

Фото: Pexels

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Қошқарата ауылындағы Борлысай жалпы орта мектебіндегі жағдай желіде дүрбелең туғызды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы мектептің 8-сынып оқушысы  2-сыныптағы қыз баланы Сүңгі өзенінің көпірінің астына алдап апарып, зорлаған деген ақпарат тарады.Qaz365.kz редакциясы мән-жайды білу үшін Түркістан облысы полиция департаментіне журналистік сауал жолдады.

Біздің сауалымызға Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі қысқа жауап қайырды.

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел тергеу іс-шараларын жалғастыруда. Іс департамент басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды, - делінген хабарламада.