Үндістанның батысында болған жолаушылар ұшағынан ешкім тірі қалмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта болған 242 адамның барлығы қаза тапты. Олардың ішінде экипаж мүшелері де бар.
«Air India» компаниясының Boeing 787-8 Dreamliner жолаушылар ұшағы бүгін Ахмедабад әуежайынан көтерілгеннен кейін апат сигналын берген. Бірақ оған қайта хабарласқанда ешкім жауап бермеді. Ұшақ жақын жердегі дәрігерлер тұратын жатақхананың үстінен құлаған.
Ұшақ капитаны Сумит Сабхарвалдың 8 200 сағаттық ұшу тәжірибесі болған. Ал екінші пилот 1 100 сағат аспанда өткізген, деп жазады жергілікті баспасөз.
Air India таратқан ақпаратқа сәйкес, бортта 242 адам болған. Олардың ішінде 169 адам – Үндістан азаматы, 53 – Ұлыбритания азаматы, Канаданың бір азаматы және Португалияның 7 азаматы.
Flightradar24 ұшу мониторингі сайтының деректеріне сәйкес, ұшақ Boeing 787-8 Dreamliner моделіне тиесілі – қазіргі уақытта қолданыстағы ең заманауи жолаушылар ұшақтарының бірі. Бұл апат ел тарихындағы ең ірі әуе апаттарының бірі саналады.