Жалғыз аман қалған — 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш
Air India әуе компаниясының ұшағы Ахмедабадтан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады — бортта 242 адам болған, олардың ішінде тек бір адам ғана тірі қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жалғыз аман қалған — 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш. Ол туыстарына қонақтап барып, үйіне қайтып бара жатқан. Ұшақта 11А орнында отырған.
Hindustan Times басылымына берген сұхбатында Рамеш былай дейді:
«Ұшқаннан кейін жарты минут өтпей қатты дыбыс шықты, содан кейін бәрі бірден қараңғыланып кетті. Есімді жиғанда айналамда тек мәйіттер мен сынықтар болды… Кейін біреу мені көтеріп, жедел жәрдемге жеткізді».
Қазір Рамеш ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, қалған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапқан.