Air India ұшағының екі қара жәшігі де табылды

Qaz365.kz редакциясы

Ал ондағы жазбаны оқу үшін бірнеше күн қажет. 

EPA / TASS

Air India AI171 ұшағының екі қара жәшігі де табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал жексенбі күні Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің бас хатшысы Прамод Кумар Мишра борттық жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелердің жазбасы табылғанын мәлімдеді.

The Economic Times газетінің дерегінше, бұл жазбаларды толық оқы төрт-бес күнге созылуы мүмкін.

Басылым дерегі бойынша, алғашқы «қара жәшік» жұма күні Ахмедабадта Air India AI-171 рейсі құлаған орынның маңындағы ғимараттың шатырынан табылған.

Бірнеше халықаралық сарапшылар тобы Үндістанның авиациялық оқиғаларды зерттеу бюросына апаттың нақты себебін анықтауға көмектесу үшін Ахмедабадқа келген.

Есеп үш ай ішінде жарияланады, – делінген жарияланымда.

Борттық жазу құрылғылары тергеушілерге апатқа дейінгі оқиғалардың секунд сайынғы хронологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Олар ұшқыштар кабинасында және ұшақ жүйелерінде нақты не болғанын объективті түрде көрсетеді.