Өздерін дұрыс таныстырмағандар жігітті ұстаған жерден әскерге әкетпек болған
Желіде екі ер адамның, оның бірі әскери киімде, жігітті көлікке күштеп салып әкетпек болған сәті талқыға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға Тараз қаласына қарасты Красная Звезда ықшам ауданында болған. Жазба авторларының айтуынша, жігіттің басына зақым келген, миы шайқалды деген ақпарат бар.
Жігіт көлік есігіне аяғын тіреп, қос қолын ұстаған азаматтарға қарсылық ретінде басын аяусыз көлік төбесіне ұрғылаған. Ол бар күшімен қарсыласып, екі ер адамның қолынан жұлқына сытылған.Одан кейін оны алып кетпек болғандар босатып жіберген.
Ал видеоны түсіріп тұрған жігіттің туыстары өздерін дұрыс таныстырмағандар жігітті ұстаған жерден әскерге әкетпек болды деп айтып жатыр.. Олар басын көлік төбесіне кемі он рет аяусыз соққан жігіттің миы шайқалғанын да видеода айтып өтті.
Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ.