СҚО-да 2 жастағы бала күнбағыс дәніне қақалып қайтыс болды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Бірлік шағынауданында болған

Сурет: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында 2 жастағы бала күнбағыс дәніне қақалып қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірлік  полиция басқармасы мәлімдеді.

“Қайғылы оқиға 13 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы, Бірлік шағынауданында болған. 2 жасар сәби күнбағыс дәніне қақалып, көз жұмды.Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларын, әсіресе тамақтанып жатқан сәтте, қараусыз қалдырмауды ескертіп, аса мұқият болуға шақырады.