Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қылмыстық іске қатысты тергеліп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Олардың таза қылмыстық табыс көлемі 162 млн теңгеден асқан

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандарының арасында ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Олар танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы Гүлеркем Ниязқұлова мен оның күйеуі болып шықты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан.

Ақтау қаласында тұратын ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілері арқылы 850 мыңнан астам оқырман жинап, онлайн лотереялар ұйымдастырған. Олар лотерея операторы ретінде тіркелмеген, бірақ соған қарамастан автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан. Қатысушылар лотереяға 500-50 000 теңге аралығындағы билеттерді (цифрлық нөмірлер) сатып алу арқылы қатысқан.

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған таза қылмыстық табыс көлемі 162 млн теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.