Ақтөбеде әкесі мен қызы құдыққа құлап көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: freefik.com

Ақтөбе облысының Жарлы ауылында қайғылы оқиға болды. Қоқыс толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен. Баланы құтқару үшін әкесі де құдыққа түсіп, қайта шыға алмай қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

17 маусым күні 9 жастағы қыз бала жеке үйдің ауласында орналасқан, тереңдігі шамамен 10 метр болатын құдыққа құлап кеткен. Құдық қараусыз қалған, қоқысқа толған.

Баланы құтқару үшін әкесі де құдыққа түскен. Алайда ол да сыртқа шыға алмаған.

Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, екеуі де қайтыс болды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД.

Қазір оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.