Астанада элиталық тұрғын үй кешенінде ер адам әйелін өлтіріп, өзі 25-қабаттан секіріп кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Ол әйелін пышақтаған. 

Әлеуметтік желі

Астанада элиталық тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

36 жастағы ер адам азаматтық некедегі жұбайымен жанжал кезінде оған пышақ жарақатын салған. Оқиғадан соң ер адам көпқабатты үйдің жоғары қабатынан секіріп кетіп, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол полицияның бақылауында.

Қанды оқиға 19 маусым күні күндіз болған. Пәтер ішіндегі жанжал кезінде балалардың бірі оқиғаға куә болған. 33 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болған әйелдің артында 7 және 10 жасар екі ұлы қалды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға қарағанда, отбасындағы дау-дамайға қаржы мәселелері себеп болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептерін анықтауға кірісті.