Астана маңында жеңіл ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 22 маусым сағат 11:30-да болған.

Фото: tl-ultralight.cz

Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 22 маусым сағат 11:30-да болған.

Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 әуе кемесі авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды, – делінген ақпаратта.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.