Каспий жағалауында жүрген маңғыстаулықты қатты жел мен ағыс алып кетті

Nur-Altay Umirzak

Оқиға кеше кеше Қарақия ауданындағы «Ритм Нұр» демалыс орталығының аумағында болған

Сурет: Бейнеден кадр

Каспий теңізі жағалауында SUP тақтасын тепкен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

“Кеше Маңғыстау облысы Қарақия ауданында «Ритм Нұр» демалыс орталығының аумағында суда қауіпті оқиға орын алды. Каспий теңізінің жағалауында демалу кезінде SUP-тақтасын тепкен ер адамды жағалаудан қатты жел мен ағыс алып кетті. Ол өздігінен жағаға қайтып шыға алмады. Суда патрульдеу кезінде ТЖМ қызметкерлері көмек сұраған адамды байқап, оны жедел түрде қайықпен жағаға жеткізді”, – делінген ТЖД хабарламасында.