Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы полицей үйінің ауласында өлі күйінде табылды

Nur-Altay Umirzak

Марқұммен қоштасу рәсімі 23 маусым күні өткен

Сурет: Pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы полицей үйінің ауласында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі mgorod.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 21 маусым күні Орал қаласына жақын орналасқан Достық ауылында (бұрынғы атауы – РТС) болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген 22 жастағы азамат өз үйінің ауласында асылып, өмірімен қоштасқан. 

Оқиға туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның нақты мән-жайын анықтауда.

Марқұммен қоштасу рәсімі 23 маусым күні өткен. Оның осындай ауыр қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.