Оқиға Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде орын алған
Алматы маңында локомотив пойыз екі адамды басып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлімдеді.
2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10–да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аудармаған.
“Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде”, — делінген ведомство хабарламасында.
ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.