Тек екеуінен басқасы: Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Nur-Altay Umirzak

Бұл іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.

Иллюстрация: Mila Grabowski/Медиазона

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Шерзат Полаттың отбасының мүддесін қорғайтын адвокат Мейрман Шекеев мәлімдеді.

Ол бұл шағымды Шыңғыс Бельғожaев пен Думан Ысқақтан басқаларының барлығы бергенін айтты.

Сондай-ақ адвокат екі қыз бен екі жігіттің үкім жарияланған кезде прокурорға қатысты айтылған соттың жеке қаулысына да шағым түсіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үкімді алғаннан кейін 15 күн ішінде оларда шағымдануға заңды құқық болған.

Адвокаттың сөзіне сүйенсек, Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айыпталушылардың туыстары атынан әлеуметтік желілерде пікір білдіріп жүрген Бауржан Абдрахманов та сот алдында жауап берген. Ол бұған дейін өзінің парақшасында онлайн режимде өткен сот отырысының бейнежазбасын жариялаған.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.



Еске сала кетейік, Шерзат Полат ісі бойынша 9 күдіктіге қатысты сот үкімі шыққан еді. Абзал Шынасыл — 23 жылға, Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған жеті адам бұзақылық үшін 1,5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды.