Алаяқтар Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан жалған видео таратты

Nur-Altay Umirzak

Бейнематериалға журналист пен вице-премьер министрдің бет әлпеті мен дауысы пайдаланылған

Сурет: t.me/gazizaraimbeknews

Алаяқтар премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің бейнесін пайдаланып, жалған мәлімдемелер таратқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы тележүргізуші, журалист Ғазиза Райымбек мәлімдеді.

Алаяқтар интернет кеңістігінде таратқан жалған видео Мұрат Нұртілеу мен қазақстандық журналистің қатысуымен жасалған. 

“Жалған бейнематериалда вице-премьердің Ресей әуе кемелерінің еркін ұшуы «толық заңдастырылды» деп мәлімдегені көрсетілген. Сонымен қатар отандық тілшінің де солай айтқаны көрсетілген. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Сондықтан құзырлы органдар мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады”, – делінген ақпаратта.

Бұл материал жасанды интеллект бағдарламаларымен генерациялап жасалып, таралып жатқан дипфейктің жаңа толқыны деп бағаланып отыр.

“Достар, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде дипфейктердің жаңа толқыны таралып жатыр.Бұл жолы алаяқтар менің «бет-бейнем мен дауысымды» қолдан жасап, мен үкіметтің бастамасын көпшілік алдында қолдап, Қазақстан әуе кеңістігіне ресейлік ұшақтардың кіруіне «қолдау білдірдім» деген жалған видео таратқан. Егер бұл видеоны түсіргендерге сенсек, мен енді жай ғана журналист емес, халықаралық шешімдерге ықпал ететін адам болыппын”, – деп жазды журналист.