Қарағандыда жүкті әйел автобус аялдамасында босанып қалды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Гапеева көшесіндегі аялдамада орын алған

Сурет: commons.wikimedia.org

Қарағанды облысында әйел автобус аялдамасында босанып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Жүкті келіншекті Гапеева көшесіндегі аялдамада кенеттен толғақ қысқан. Сосын келіншектің аялдамада босануына тура келген.

Сол маңдағы адамдар жедел жәрдем шақырған.

«Көрсетілген көмек нәтижесінде анасы мен жаңа туған нәресте облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығына жеткізілді. Анасының жағдайы тұрақты. Нәресте жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарманың мәліметінше, қазір сәбидің жағдайы ауыр.