Абырой болғанда, ол аман қалды.
Атырауда 10 жастағы ұл бала велосипедімен жеделсатыға кірмек болған. Алайда есіктер автоматты түрде жабылып, баланың өзі сыртта қалып, ал велосипеді есік пен лифт кабинасының арасында қысылып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Лифт жоғары қарай қозғала бастағанда, бала велосипедіне жармасып тұрған. Бір сәтте ол ұстап қала алмай, қолын жіберіп, ашық тұрған шахтаға құлап кеткен.
Абырой болғанда, бала аман қалды. Оны дер кезінде ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақат алған жоқ.
Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.