Құлсары тұрғыны бұрынғы әйелін өлтіргені үшін 15 жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 2025 жылғы 27 наурызда болған. 

Pixabay.com

Құлсары қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайын қатыгездікпен өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Halyqstan-ға сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Сотта анықталғандай, қайғылы оқиға болған күні бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында хат алмасу барысында жанжал туындаған.

Келіспеушіліктен кейін ер адам жиналмалы пышақты алып, жәбірленуші жұмыс істейтін емханаға барған. Кабинетке кіріп, алдымен әйелдің басынан ұрып, кейін пышақпен екі рет - мойны мен кеуде тұсына соққы жасаған.

Әйел оқиға орнында қайтыс болды. Артында кәмелетке толмаған балалары қалды.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 9 және 15-тармақтары бойынша - «Бұзақылық ниетпен жасалған адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Ер адамның кінәсін ішінара мойындап, өкінуін ескерген сот оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ марқұмның отбасы пайдасына моральдық зиян өндірілді. Өтемақы сомасы жария етілмеді.