Алматы облысында баланы қағып, қашып кеткен экс-полицей ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ал жеткіншек жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

видеодан кадр

Алматы облысында 4 шілде күні баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы, Көкөзек ауылында 6 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 42 жастағы жүргізуші ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні ауыл дүкендерінің бірінің жанында болған. Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде, велосипед теуіп жүрген баланы байқамай, соғып кеткен. Еш көмек көрсетпестен, оқиға орнынан кетіп қалған. Ал жеткіншек жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

Полиция жүргізушінің бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткенін, бірақ жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.