«Тергеу изоляторында ұрды»: Перизат Қайратты тергеу сәтінен видео жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

 Астана қаласының Полиция департаменті Перизат Қайраттың тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылдым деген мәлімдемесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген.

 Бұл арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы полиция департаментіне жолданып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды, делінген полиция хабарламасында. 

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Белгілі болғандай Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтетін болды.