Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр.
2025 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арман Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшелерінің бірі Дубай қаласынан экстрадицияланғанын хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.
Қадағалаушы органның мәліметінше, күдікті 2022 жылдың 5-7 қаңтары аралығында Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктерге Жұмагелдиевпен бірге белсенді түрде қатысқан деп айыпталуда.
Қылмыс жасалғаннан кейін ол жасырынып, шамамен үш жыл халықаралық іздеуде болған. Кейін ол Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Хабарламада қазіргі таңда күдіктінің Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалғаны айтылған.
Оған тағылған айыптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.