Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 

instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматы маңындағы таулардан 18 жастағы Нұрислам Ақылбектің мәйіті табылды. Ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Қазір нақты өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Еске салсақ, Нұрислам 2 шілде күні үйінен шығып, тауға қарай бет алған. Осыдан кейін байланысқа шықпаған. Алдымен туыстары өз беттерінше іздестіргенімен, кейін арнайы қызметтерден көмек сұрауға мәжбүр болды.

6 шілдеде түскен арыз негізінде кең ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеуге ТЖМ қызметкерлері, полиция, шекарашылар мен еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ дрондар, тікұшақ, итпен із кесу тобы және жерүсті техникасы қолданылды.