Ол жедел жәрдем бригадасына табысталды.
Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында парапланмен ұшу кезінде 1985 жылы туған әйел апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) құлаған әйелге алғашқы көмек көрсетіп, құтқару жұмыстарын жүргізді.
Құтқарушылар зардап шеккен азаматшаны тау бөктерінен төмен түсіріп, 500 метр жерде күтіп тұрған жедел жәрдем бригадасына табыстады.