Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде.
Павлодар қаласында қайғылы жағдай болды: әйел адам өз үйінің бесінші қабатынан екі баласын терезеден лақтырып жіберіп, артынан өзі де секіріп кеткен. Бұл туралы шұғыл хабар жедел жәрдем қызметіне 30 шілде күні сағат 13:00 шамасында жолай өтіп бара жатқан куәгерден түскен, деп жазады Qaz365.kz.
Жедел медициналық жәрдем қызметінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға Нұрмағамбетов көшесінде болған. Оқиға орнына бірінші санаттағы жеделдік бойынша үш жедел жәрдем бригадасы жіберіліп, алты минут ішінде жеткен.
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр. Балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылса, әйел адам Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде.