Жамбыл облысындағы атыс: күдіктілер ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Pixabay.com

Мойынқұм ауданындағы атысқа қатысты күдікті ретінде төрт азамат ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түскендердің барлығы – Мойынқұм ауданының тұрғындары. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін 29 шілде күні Мойынқұм ауылында атыс болғаны хабарланған.