Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Куәгер Гаухар Садық – Руслан Берденовке оқ атылғаннан кейін көрген адамдардың бірі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Гаухар Садық Берденов оқ атылған кезде-ақ көйлекпен жатқанын айтты. Оның сөзінше, мылтық бір-екі реттен көп атылған.
“Жерде жатқан жәбірленушіге бірінші мен бардым. Өз киімімді оның басына қойдым. Атылған кісінің жанында тұрғанымда сотталушы Берденовке “сенің кесіріңнен ажырастық” деп айқайлады. Берденов ол кезде естіді ме, жоқ па білмеймін. Ол кісі есін біліп жатқан жоқ еді, – дейді куәгер.
Еске салайық, Шымкент қаласында әкім орынбасарын өлтірмек болды деген айыппен “ Тұрғын үй Шымкент” директоры Ернар Жиенбайға қатысты 6-тамызда сот басталған еді.