Шымкентте түнде әкімдік ғимараты өртенді

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Шымкент қалалық ТЖД

14 тамызға қараған түні Шымкентте Абай ауданы әкімдігінің ғимаратында өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Өрт туралы хабарлама «112» қызметіне сағат 03:19-да түскен. Оқиға Тәуке хан даңғылы, 3 мекенжайында болған.

Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 88 қызметкері мен 21 арнайы техника жұмылдырылды.