Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына күдікті блогерді ұстады

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Polisia.kz

Түркістан облысында полиция жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогерді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 млн теңге талап еткенін анықтады. 

“Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданындағы дәмханалардың бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда”, – делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.