Түркістанда бір жасар сәби даладағы дәретханаға түсіп кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен баланы шығарып алды

Кадрдан видео

Түркістанда бір жасар сәби даладағы дәретханаға түсіп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқыс жағдай туралы хабар түскен бойда Түркістан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.  

Дәретхана шұңқырына түскен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен баланы шығарып алды.

Олар сәбиді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.