Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

Qaz365.kz редакциясы

Екі адам қайтыс болған

Ақмола облысындағы Төңкеріс ауылының маңында UP-La229 жеңіл моторлы ұшағы құлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқыс оқиға 17 тамызда сағат 17:40-та болған.

Қазір апаттың мән-жайын анықтау мақсатында Көлік министрлігі тарапына нтергеу комиссиясы құрылды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері төтенше жағдай салдарынан екі адамның - ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын растады.

Марқұмдардың кім екені анықталып жатыр.