Астанада анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен қызы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Астанада отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен қызы ұсталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Оқиға жайлы

Елордада әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның 30 жастағы қызы ұсталды. Тергеу барысында ана мен қыздың арасында жанжал туындап, оның соңы ұрыс-керіске ұласқаны анықталды.

Қайғылы сәт

Сотқа дейінгі тергеу деректеріне сәйкес, ұрыс кезінде қыз анасына пышақ жарақатын салған. Ол жарақат әйелдің өмірін қиды.

Көршілердің айтуынша, марқұм бірнеше күн бойы пәтерде қимылсыз жатқан. Ал күдіктінің қолында әлі бір жасқа толмаған сәбиі бар екені белгілі болды.

Құқық қорғау органдарының мәлімдемесі

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде.