Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды

Иллюстрация: Mila Grabowski / Медиазона

Алматы облыстық соты Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл істі Досымбек Қалдырбек төрағалық еткен, құрамына Марина Мұсабекова мен Ербол Құтпанбаев кірген сот алқасы қарады.

«Бірінші сатыдағы сот барлық дәлелдерге жан-жақты баға берді, сотталғандардың әрекеттерін дұрыс саралады және заңға сәйкес жаза тағайындады. Сондықтан үкім өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ азаматтық талап бойынша да дұрыс шешім қабылданған. Моральдық шығын әрбір істің сипатына қарай белгіленеді», – дейді судья Қалдырбек.